Еркін Таңатқанұлы: «Minber»-дің мақсаты – ең кемі онның біріне пайдалы болу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркін Таңатқанұлы: «Minber»-дің мақсаты – ең кемі онның біріне пайдалы болу

03.09.2018

«Qazaqstan» ҰТА директоры Еркін Таңатқанұлы, «Men Qazaqpyn» жобасының жетекшісі Қуаныш Сұлтанұлы, Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары Ақмарал Әбжани жаңа маусым  жаңалықтарымен бөлісті.

Қуаныш Сұлтанұлы «Men Qazaqpyn» жобасында өзгерістер өте көп екенін айтты. Алғашқы маусымдағы іріктеу кезеңіне 700 адам қатысса, жаңа маусымда 2000 адам қатысқан. Ресейдің Астрахань өңірінен, Моңғолияның Баян-Өлгей өңірінен қатысушылар бар.

Ал, Еркін Таңатқанұлы су жаңа «Minber»-дің тізгінін ұстады. Сұхбат барысында «Minber»-ді жасаудағы арнаның мақсатын айтып өтті. Мұрат – көрші мемлекеттердің экспансиясына түспей, өз ұстанымдарымызды көрсету, көрерменге пайдалы ақпарат ұсыну. 10 көрерменнің ішінде біреуі пайдалы ақпарат алса, мақсаттың орындалғаны.

Жаңалықтар қызметінде де өзгешеліктер орын алды. Осы өзгерістермен Ақмарал Әбжани бөлісті. Көрерменде бір стереотип қалыптасқан. Ол – мемлекеттік арна белгілі бір тақырыпты қозғамайды, болған оқиға туралы ақпаратты уақыт өткеннен кейін береді деген пікір. Жаңа маусымда осы стереотип бұзылатын болады. Тағы бір басты жаңалық – «Aqparat» жобасында авторлық реңктің пайда болуы. Жүргізушілер жобаға өзгерістер енгізе алады. «Aqparat-тың» уақыт ұзақтығы көбейеді.  

Хабарламаларға жазылу