Орхан Насибов: Мақсатым – халқыма пайдалы адам болу (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орхан Насибов: Мақсатым – халқыма пайдалы адам болу (ВИДЕО)

19.11.2015
Орхан Насибов: Мақсатым – халқыма  пайдалы адам болу (ВИДЕО)

Орхан Насибовты Қазақстанмен тағдыры 8 жасында табыстырды. Әзірбайжаннан қоныс аударған ол бүгінде Еуразия тілдері институтының студенті. Қоғамдық жұмыстарға белсенді Орхан Қазақ елінде өскенін мақтан тұтады.

«Өзге ұлттарды бір-бірімен біріктіретін дүние ол – тіл. Тіл білу – рухани байлық. Сол себепті, қазақ тілін білу – біздің азаматтық борышымыз»,-дейді ол.

Орхан Насибов бірнеше шет тілін меңгерген. Қазіргі таңда түрік тілін өз қатарластарына оқытуда.

«Мақсатым – халқыма  пайдалы адам болу. Себебі, бұл ел маған бар мүмкіндікті берді»,-дейді кейіпкер.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу