Бүгін Ұлттық арнада «Men Qazaqpyn» мегажобасының жаңа маусымы көрерменге жол тартты. Аталған жобаның екінші маусымында қатысушылар әуелі ауыл-аймақтарда іріктеуден өтіп, кейін облыс байқауларында бақтарын сынасты. Сонымен қатар, көршілес елдерден де қатысушылар келді.
Сонымен, мегажобаның екінші маусымында сахнаға бірінші болып Маңғыстау өңірінің намысын қорғайтын күйші Еркебұлан Соңғыбаев шықты. Ол Абылдың күйі «Наратуды» орындады.
Мырзатай Жолдасбеков:
- Абылдың күйін тартуға жүрегі шайлықпай, сахнаға шыққан Еркебұлан жаман орындаған жоқ. Тек шамалы еркіндік жетіспегендей болды.