«Мәселе» екінші маусымын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе» екінші маусымын қорытындылады

14.07.2018

Бағдарламаның бергі бетін ғана емес, экранның арғы жағында тынымсыз еңбек етіп жатқан жандармен таныстыруды жөн деп таптық. Өйткені, телебағдарлама бұл тұтас механизм, бір тетігі, яки, бір кадр қызметін өзгелерден шала жасаса, тұтас жоба шабан аттай кібіртіктеп қалады.

Бүгін жобамыздың екінші маусымын аяқтаймыз. Қаламына кадр сыйып кететін біздің қыз-жігіттердің сіздер біле бермейтін қырларын, қызықтарын да ұсынбақпыз. Осы тұста Шерхан Мұртазаның: «Теледидар – құдіретті күш. Ол да баяғы ертектегі дәу пері сияқты: кімнің «сиқырлы сақинасы» бар, соның құлақкесті құлы. «Адамдарды жаппай мәңгүрт ет» десе, мәңгүрт ете салады. «Жаппай иманды ет» десе, иманды ете алады» дегені бар. Ақсақалдың айтқаны қазіргі ақпарат құралдарында айдай келді. Берілген хабарды бұра тартпай, турасын айту жағы кемшін түсіп жатады кейде. «Келдек қалам ұшында көк найзаның сұсы бар», дейтін біздің ұжым тележобада мұқым елдің мүддесін қорғап, қарапайым елге болысуға тырысады. Ендеше, «мәселеліктер» туралы Аңсаған Нағашыбекқызы айтады.

 

 

Аңсаған НАҒАШЫБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу