Қытай елінде өткен Халықаралық кинофестивальде «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі ұсынылды. Фестиваль аясында актер Төлеубек Аралбай «Үздік ер адамы рөлімен» марапатталды.
Театр және кино актері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай студия қонағы болып, фестиваль, жүлде, алдағы жоспары туралы ойымен бөлісті.
«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына 23 фильм ұсынылды. Оның ішінде біздің отандық екі фильм. Ол Рүстем Әбдірашітовтың «Алмас қылыш» және Талғат Деменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі.
Жалпы, кинофестиваль көрермендеріне 60-тан аса кинолента ұсынылды. Әрине, ондай жүлде алу – мәртебе. Ол жүлде тек менікі емес, ол топтың жүлдесі.
Фильм жалғыздық күй кешіп жүрген адамдар туралы. Сценарий оқығанда маған қатты әсер етті. Жалғыздық күйде жүрген азаматтар көп. Ол жас сәби де, үлкен қария да болуы мүмкін.
Жақын арада жаңа кастингке қатыстым. Ол біздің елдің ірі тұлғасы, спортшы Жақсылық Үшкемпіров туралы «Жеңімпаз» фильмі», - дейді өнер иесі.
«Толық нұсқа»
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.