«Өмірлік таңдау» жобасының жетекшісі Дәулет Әждар мен «Самұрық-қазына Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының менеджері Айнұр Қоңқабаева студия қонағы болды. «Өмірлік таңдау» жобасының ұйымдастырушысы мен демеушілері жобаның мақсаты мен мәні туралы сөз қозғады.
«Самұрық-қазына Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының осындай жобаларды қолдаудағы мақсаты – болашақ түлектердің арасында техникалық мамандықтарға қызығушылықты арттыру. Жоба 6 өңірде жүзеге асырылды. Балаларды гуманитарлық саладан техникалық салаларға бейімдеу мақсатында 250 мұғалімге тренинг өткіздік.
Жоба өз мақсатына жетті. Өйткені, оның аясында 30 мыңға жуық оқушы қамтылды. Оларға мамандық таңдау және таңдау барысында жасалатын қателіктер туралы айтылды. Әрине, айтып өткендей, жұмысшы мамандыққа басымдық қойылды.
Оқушылардан бөлек, 6 мың ата-анаға кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілді. Білім және ғылым министрлігі арқылы 260 психолог маманды оқытып, кәсіби бағдарлау жұмыстарын жасауды үйреттік. Жоба аясында тек тренингпен шектеліп қоймай, 9-сынып оқушыларын зауыттармен, еңбек әулеттерімен таныстыру жүргіздік.
Нәтиже бар. Бұрын бала мамандық туралы ақпарат толық білмесе, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтерге көз жеткізуде, жұмысшы мамандықтарға қызығушылық артты», - дейді қонақтар.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.