Елордада ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалі өтіп жатыр

05.04.2015
Елордада ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалі өтіп жатыр

Астана қаласының Білім басқармасы, Астанадағы «Pearson» компаниясының өкілдігі және Ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымы қалалық мектептер мен балабақшалар арасында V қалалық «EnglishTheatreFestival» ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалін өткізуде. Фестиваль 2-8 сәуірі аралығында өтеді.

Қойылымдарды Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Астанадағы шетелдік елшіліктердің өкілдері, шығармашылық қызметкерлер, қалалық театрлардың актерлері, тәжірибелі ағылшын тілінің мұғалімдері, елордада жұмыс істейтін шетелдік мұғалімдер бағалайды.  

Шараның мақсаты - балалар мен оқушылар арасында театр өнерін дамытып,  насихаттау. Сондай-ақ, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыру.

Фестивальге қаладағы 20-дан астам мектеп пен 9 балабақша қатысуда.

 

Хабарламаларға жазылу