Жандарбек Мәлібеков: Жастар мән-маңызын білмесе, елтаңбаны логотип деп қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандарбек Мәлібеков: Жастар мән-маңызын білмесе, елтаңбаны логотип деп қабылдайды

04.06.2018

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, архитектор, ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков студия қонағы болды. Мемлекеттік рәміздер күніне орай профессор айтулы датаның мән-маңызы туралы сөз қозғады.

 

«Біздің тәуелсіздігіміз тек елдің емес, су, тау, жер тәуелсіздігі деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің не екенін білдік, танымымыз өзгерді. Тәуелсіздікпен қатар, рәміздерімізді құрметтеуіміз керек.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасын іріктеу кезеңінде 293 ұсыныс келіп түскен. Соңында Елбасының өзі мақұлдап, бекітті. Осы уақытқа дейін елтаңбамыз халықаралық көрмелерде үш рет жақсы бағаға ие болды.

2016 жылы елтаңбаға енгізілген өзгерістер бұрынғы жазуларына енгізілген стандартты түзетулер. Оның әрбір элементі маңызды. Осыған орай Елтаңбаға арнап өлең жаздым. Оны жастарға жеткізу керек. Жастар білмесе, елтаңбаны логотип деп қабылдайды. Аталарымыздың аманатын келесі ұрпаққа насихаттау керек.

Астана қаласының архитектурасы – интернационалды архитектура. Біз текті халықпыз. Сондықтан, санамызды өзгерту керек. Қазіргі уақытта ескі архитектураны қолданудамыз. Одан шығып, ұлттық архитектураға көшуіміз қажет. Сол кезде өзімізді танып, өзге елге көрсете аламыз», - дейді профессор.

 

«Толық нұсқа»

Хабарламаларға жазылу