Астанада коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Ұлы дала жауһарлары» атты көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Ұлы дала жауһарлары» атты көрмесі өтеді

29.05.2018

Ертең, 30 мамыр күні Астанада коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Ұлы дала жауһарлары» атты жеке көрмесі ашылады.

Бахаргүл Төлеген -  «100 жаңа есім» жобасына енген тұлғалардың бірі.  Мамырдың 30-нан бастап оның «Ұлы дала жауһарлары» атты жеке көрмесі өтеді.

«Ұлы дала жауһарлары» көрмесін жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырдық. 20 жылға жуық уақыт аралығында компаниямыз халқымыздың қолөнер бұйымдарын, мәдени құндылықтарын насихаттаумен келеді. 

Елдораның 20 жылдық мерекесіне орай ҚР Қарулы Күштері әскери-тарихи музейінде жеке көрмем өтеді. Көрменің мақсаты – атадан балаға жалғасып келе жатқан өнерімізді жастар арасында насихаттау.

Биылғы көрменің ерекшелігі – әскери-тарихи музейде өтетіндіктен, батырлардың 30-ға жуық қару-жарақ экспонаттары қойылады. Көпшілікті ата-бабалар мұрасымен, ұлт жауһарларымен танысуға шақырамын», - дейді қонақ.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу