М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының музейіне – 50 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының музейіне – 50 жыл

29.05.2018

Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының музейіне - 50 жыл. Мұндағы әр заттың өз тарихы бар. Театр музейі жарты ғасыр уақыт ішінде өзінің жәдігерлерін толықтырумен қатар, халықты театрдың өткенімен таныстырып, өнер иелерінің өмірлері мен елге беймәлім қырлары жайында деректер жинаған.

Қазір музей қоры Қазақстандағы өзге театрлармен салыстырғанда өте бай. Жәдігерлердің саны 300 мыңға жуық. Елімізге белгілі театр майталмандарының 30-дан астам майлы бояумен салынған портреттері, актерлердің медальдары, марапаттары, қолданған бұйымдары музейдің баға жетпес байлығы болып саналады. Көрермендер музейді әртістермен аралап, суретке түсіп, ұмытылмас әсерге бөленді.

«Музей түні» шарасы биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Көпшілікті музеймен таныстыру театр ақсалдарына берілді. Ол Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Есмұхан Обаев бастаған аға буын актерлер.

«1930 жылдардан бері келе жатқан суреттердің өзі әрине, қазір де құнды жәдігер. Ендігі алға қойған мақсатымыз – кейінгі ұрпақа театр әлемінің тарихынан эстетикалық тәрбиелік беру», - дейді музей жетекшісі Наргиз Тамабекқызы.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу