Сәбилә (Қарашаш) Әбуеваның «Дара жолы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәбилә (Қарашаш) Әбуеваның «Дара жолы»

28.05.2018

83 жылдық тарихы бар Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, театр ардагерлері Сәбилә (Қарашаш) Әбуева, Құралай Ешмұратова және басқа өнерпаздар «Дара жол» бағдарламасында қонақ болып, өнер көрсетті.

 

Қуыршақ театры әртістеріне ортақ қасиет қандай? Бұл мамандықты өнер иелері қалай таңдайды? Театр сахнасында 50 жыл өнер көрсеткен Сәбилә (Қарашаш) Әбуева өзінің дара жолымен бөлісті.

«Мен әжемнің қолында өстім. Ерке болғаным сонша, не ұл не қыз екенімді білмей, ұлдармен ойнап, ләңгі теуіп өстім. Бала күннен еркекшора, тентек болдым.

 

Жалпы әртіс боламын деп ойламадым. Тек билеуді ұнататынмын. Көрші, туыстар «осы бала әртіс болады-ау» деп айтатын. Бір күні апамның туысы фестивальге баратын болды. Мені өзімен ертіп алып кетті. Фестиваль қазіргі Атырау облысындағы Махамбет Өтемісов атындағы театрда өтті. Фестивальге біраз халық әртісі, әртістер қатысты. Мен солардың ортасына түстім. Ең бірінші алған сабағым осы жер болды. Кейін Алматыға кеттім. Осылайша Қуыршақ театрындағы өмірім басталды», - дейді Сәбилә (Қарашаш) Әбуева.

 

«Қарашаш екеуіміз 51 жыл таныспыз. Ол театрға келгенде 19 жаста мен 21 жаста едім. Нағыз қайнап тұрған жас кезіміз. Әртістер үлкен адамдар еді. Бізге режиссер, актер деп емес, бала деп қарайтын. Қарашаш керемет билеп, күлегеш еді. Қандай қойылым болса да ойнап, күліп жүретін. Қазір де сондай», - дейді Құралай Ешмұратова.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу