Айтақын Бұлғақовтың «Дара жолы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айтақын Бұлғақовтың «Дара жолы»

09.01.2016
Айтақын Бұлғақовтың «Дара жолы»

Айтақын Бұлғақов айтыстағы айтулы тұлға. Өзіндік айтысу мәнері, сахнада өзін ұстауы, ел-жұртты ерекше бір тәсілмен еліктіруі және айтыстағы сөз айшығы барлығы үйлесім тапқан талант.

Ол республикалық халық театрлар байқауының лауреаты, қазақтың ұлы тұлғасы Мұхамеджан Тынышбаевтың тарихи мұрасын зерттеуге үлес қосқаны үшін, «Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына-130 жыл» медалімен, Моңғолия демакратиялық партиясының «Моңғолия тәуелсіздігінің құқығын қорғаудағы ісіне қосқан үлесі үшін» орденімен, Моңғолия Қазақ жастар одағының жоғары сыйлығы «Көшбасшы» алтын медалімен марапатталған.

Бірнеше республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері. Ел «бақсы» атап кеткен айтыскер ақынның жақындары мен жора-жолдастарының сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу