Жәнібек Әлімханұлы: Атым Америкада шықса деймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы: Атым Америкада шықса деймін

18.05.2018

Әуесқой бокста әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Жәнібек Әлімханұлы Алматы студиясының қонағы болды. Бүгінде былғары қолғап шебері әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысқан.

 

«Барлық боксшылардың арманы – Олимпиада жүлдесін алу. Олимпиадаға мен де бардым. Жеңіс бұйырмады. Бірақ еңсемді түсірмедім, дайындалдым. Сосын кәсіпқой бокста дебюттық жекпе-жекке қатыстым. Осылайша кәсіпқой боксқа ауысуды жөн көрдім. Сонда да әуесқой боксқа қатысып жеңіске жеттім. Қазір кәсіпқой боксқа толықтай ауыстым.

Кәсіпқой бокстың отаны – Америка. Атақты боксышылар Америкадан шығып жатыр. Атымыз Америкада шықса дейміз. Промоутерлер тарапынан ұсыныстар өте көп. Ол жағынан асықпай, титулдық жекпе-жекке шығара алатын, жақсы промоутерді күтіп отырмын», - дейді боксшы.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу