Бүгін Батырхан Шүкеновтың өмірге келген күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Батырхан Шүкеновтың өмірге келген күні

18.05.2018

Батырхан Шүкенов өзінің нағыз талант екенін «A`Studio» тобының құрамында жүргенде көрсеткен. Ал, Ресейдің «Один в один» тележобасынан оның актерлік қабілетін көргенде, таңдай қаққанымыз рас. Батырхан соңғы рет осы бағдарламада америкалық белгілі зағип әнші Стиви Уандердің бейнесін сомдады. Бірақ әншінің өзі дәл осы бағдарламаны телеарнадан тамашалай  алмай кетті.

Әнші «Один в один» бағдарламасында оннан астам белгілі өнерпаздың рөлін асқан жауапкершілікпен орындап шықты.

Батырхан тек әнші ғана емес. Оның ақындық, хәм композиторлық қасиеті де бар еді. Өзі құрған «A`Studio» тобында 12 жыл өнер көрсетіп, 2000 жылдардың басында жеке шығармашылықпен айналысты. Топтан кеткен соң оның биік белестерге көтерілетініне күмән келтіргендер көп болды. Бірақ ол қиындықтың бәрін артқа тастап, Ресейдің үлкен концерт залдарында бірнеше мәрте жеке шығармашылық кеш өткізді.

Батырханның достары көп болатын. Дәл бүгін ол барлығын үйіне шақырып, туған күнін тойлар ме еді. Оның тыңдармандарының басты жұбанышы - әншінің артында керемет әндері мен мәңгі өлмес өнері қалды. 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу