Бүгін Батырхан Шүкенов өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Батырхан Шүкенов өмірден озды

29.04.2015
Бүгін Батырхан Шүкенов өмірден озды

Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп. Әнші бүгін таңертең Ресей астанасындағы пәтерінде талып құлаған.

Көршілері дереу жедел жәрдем шақырғанымен, ақ халаттылар ажалдан арашалап қала алмады. Туған бауыры Бауыржан Шүкеновтың мәліметінше, ол соңғы кездері көп жұмыстан зорығып, денсаулығы дұрыс болмай жүргенін айтқан екен.

Туыстары әншіні туған жерге әкеліп жерлемек. Батырхан Шүкенов 18 мамырда 54-ке толуы керек болатын. Бұл қазақ эстрада өнері үшін орны толмас қайғы...

Хабарламаларға жазылу