Қаракөз Сүлейменова: Отбасында ең маңыздысы – жарыңа деген махаббат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаракөз Сүлейменова: Отбасында ең маңыздысы – жарыңа деген махаббат

11.05.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының қонағы - журналист Қаракөз Сүлейменова.

 

«Өзімнің философиялық пайымдауымша, кез келген әйел өзінің бақытын күте білуі керек. Мен бақытты әйелдердің бірі болармын. 50 жылдығымды жасаймын деп көңіл білдірген жарыма ризамын. Мен үшін отбасында ең маңыздысы – жарыңа деген махаббат.

 

Биыл отау құрғанымызға – 30 жыл. Аз уақыт емес. Осы аралықта барлығы да болды. Бастысы, өзіңе әрқашанда «осы адамды тастап кете аласың ба?», деп сұрақ қою керек.

Жалпы, отбасылық өмір – екі адамның бір-біріне деген құрметі мен шыдамдылық. Әйел адам шаңырақты ұстаймын десе, ұстайды, жерге тастаймын десе, тастайды. Бақыттың кілті - әйелдің қолында. Бірақ, екі жастың арасындағы сезім суып жатса, бала оларды ұстамауы керек. Қанша ауыр болса да, қазақтың менталитетіне қайшы болса да, сезім, жүрек – бөлек дүние.

 

Ата-анам ерте ажырасып кеткен. Содан болар, мен іштей еркетаймын. Күйеуіме әлі де еркелеймін. Әйел адамға көп нәрсе қажет емес. Ол тек жылы сөз, жылы көзқарас, бірге отырып ас ішіп, қол ұстасып жүру», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу