Бүгін - қазақтың біртуар ғалымы Әлкей Марғұланның дүниеге келген күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - қазақтың біртуар ғалымы Әлкей Марғұланның дүниеге келген күні

11.05.2018

Қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан жандар аз емес. Соның бірі әрі бірегейі ғұлама ғалым, профессор Әлекей Қаханұлы Марғұлан болатын. Ол қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Жастайынан ғылымға құмар ол Ресейде білім алып, 1925-1931 жылдары аралығында Шығыс институтында, сондай-ақ, Ленинград мемлекеттік институтында оқыды. Ғалымның алғашқы ізденісі Қазақстан мен Алтай халықтарының тарихын зерттеуден басталады.

 

Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде бастаған Әлкей үйге келгеннен кейін де көп ізденіп, зерттеулер жасады. Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендерінің бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орнында түрлі қазба жұмыстарын жүргізді. 

Жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан Орталық Қазақстанда зертеуге кіріседі. Көп жылғы зерттеулерден кейін ғалым Тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол бұрынғы зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырады. Шохан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны 5 том етіп шығаруға басшылық етеді.

Әлкей Марғұлан - қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірген тұлға. Оның қаламынан туған тарих, археология және этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, 300-ден астам ғылыми зерттеу, 100-ден астам энциклопедиясы мен мақалалары жарық көрді.

 

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу