Мәжіліс депутаттары Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

24.12.2016
Бүгін - даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған күні.

Қазақтың біртуар азаматы 1910 жылдың 24-ші желтоқсанында Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Мыңбұлақ елді мекенінде дүниеге келді. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысып, Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия батальонының, полкінің командирі болған.

Осы айтулы күнде Парламент Мәжілісінің депутаттары батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу