Күні кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясы өтті. Сессияның әр жиынына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатысады. Ассамблеяның былтырғы жиынында Елбасы біртұтас ұлттың қалыптасуы жөнінде әңгіме өрбіткен болатын. Осы біртұтас ұлттың қалыптасуындағы Ассамблеяның рөлі қандай? Бір жыл ішінде Ассамблея қоғамдық сананы жаңғырту бағытында не істеді? Былтырғы сессияда Елбасы не тапсырып еді? Бүгінгі хабарда осы мәселелер талқыға салынды.