Халық сүйіктісі, әнші Сәкен Жақсылықұлы қазір қайда? Өнер иесінің шығармашылығы мен жеке өмірінде қандай өзгерістер бар?
«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы – әнші Сәкен Жақсылықұлы.
«Өмірімде біраз өзгерістер болды. Бір ұл, бір қызым бар. Аналары бөлек. Өзімді балаларымның алдында кінәлі сезінемін. Бірақ өте жақсы көремін.
Біреуге жағу үшін өмір сүрген емеспін. Қызымды көп ойлаймын. Менен бақытты болса екен. Қызым маған ұқсаған. Музыкалық мектепте оқиды. Қыз баласы әкеге жақын, мейірімді болады екен. Өмірімнің бар мәні – қызым. Ата-ана балаға тәрбие берген кезде ақыл айтып миын ашытудың қажеті жоқ, өз ісіңмен, адалдығымен көрсету керек», - дейді өнер иесі.