«Дара жол» бағдарламасының кезекті шығарылымы ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, күйші Сержан Шәкіратқа арналды. Бағдарлама барысында күйшінің шығармашылығы мен өмір жолы баян етілді.
Хабар барысында белгілі күйші сатира, жазушылық жайлы сөз етіп, бойындағы күйшілік өнері туралы да айтып берді. Сондай-ақ, Сержан Шәкірат туралы оның шығармашылығымен таныс студия қонақтары да өз ойларын білдірді.
Абдулхамит Райымбергенов, күйші, өнер зерттеушісі:
- Маңғыстаудың дүлділі, атақты күйші Сержан ағамен дәмдес, сапарлас болдық. Көптеген әнші-күйшілерді көзіміз көріп, қасында жүрдік. Соның бірі үлкен өнерпаз Сержан ағамыз. Ағамыздың өнеріне тоқталатын болсақ, ол Маңғыстау дәстүріндегі күйлердің басын қосып, үлкен концерттік сахна деңгейіне жеткізген.
Бағдарлама барысында Сержан Шәкірат Есір Айшуақұлының «Жалды қара» күйін орындады.