Ұзақ жасаудың құпиясы үнемі жақсы ойда болу - Жабайхан Әбділдин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұзақ жасаудың құпиясы үнемі жақсы ойда болу - Жабайхан Әбділдин

17.04.2018

Философия ғылымдарының докторы Жабайхан Әбділдин 85 жасқа келді. Профессор студия қонағы болып, ұзақ жасаудың сыры, өмірдің мәні туралы сөз қозғады.

«Бала кезімнен асық ойнадым, атқа міндім, көп шынықтым. Осы күнге дейін бір адамды ренжіткен емеспін. Қазақ болғаннан кейін ет, құрт, сүт өнімдерін ұнатамын. Бірақ, тамақтың құлы болған жоқпын.

Мен өлең дегенді жақсы көремін. Эпостық жырларды, халық әндерін, операларды жатқа білемін. Отбасымда анам мен бауырым әнді жақсы айтатын. Әсіресе, Естайдың «Қорланын» айтқанды ұнатамын», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу