«Үркер» мәдени, қоғамдық-саяси журналына – 10 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үркер» мәдени, қоғамдық-саяси журналына – 10 жыл

05.04.2018

Жазушы Қуандық Түменбай 1955 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жазушы Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеудегі Әдебиет инcтитуттын бітірген.

 «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Жетісу», «Алматы ақшамы» газеттерінде, «Жалын», «Жұлдыз» журналында, «Қазақстан» баспасында қызмет атқарған. 2008 жылдан бері «Үркер» мәдени, қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы.

Қуандық Түменбай «Қайың сапты кетпен», «Каникулды күткен қыз», «Жігіттің Көктөбесі», «Қанаты күйген қызғыш құс», «Сотталған домбыра», «Біздің үйдің солдаттары», «Тұңғиық», «Тіршілік планетасының тентектері», «Қой мен қойшы», «Ар мен дар» және таығ басқа прозалық кітаптардың авторы. Шығармалары араб, орыс, неміс тілдеріне аударылған.

Биыл «Үркер» журналына 10 жыл. Жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қуандық Түменбай студия қонағы болып, жазушылар ортасындағы жаңалықтар, жетістіктер туралы сөз қозғады.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу