Жақсылық Оспанов жасаған домбыралардың үні ешқашан қайталанбайтын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақсылық Оспанов жасаған домбыралардың үні ешқашан қайталанбайтын (ВИДЕО)

13.03.2018

Суретші, аспап жасаушы шебер Жақсылық Оспанов көзі тірі болғанда биыл 60 жасқа толар еді. Шебердің қолынан шыққан аспаптары өнер иелері мен музыка мамандарының жоғары бағасын алған.

1992 жылы алғаш рет өткізілген республикалық «Үкілі домбыра» байқауында бас жүлдеге ие болған домбырасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етіліпті.

Әр туындысын баласындай мәпелеген шеберге домбыраларын сахнада көру ғажап сезім сыйлаған екен. Ұлттық аспапқа барлық жан-дүниесімен берілген Жақсылық Оспанов оны жасауға ағаштың әр түрін қолданған.

Ойып, шауып, қиюластырып жасаған домбыралары бір-біріне ұқсамайтын және төгілген үндері де ешқашан қайталанбайтын. Сол домбыралармен Нұрғиса Тілендиев, Әзидолла Есқалиев, Алтынбек Қоразбаев, Айгүл Үлкенбаева сынды тұлғалар өнер көрсеткен.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу