Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді

21.12.2017

Алдағы жылдың қыркүйек айында Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Оған кем дегенде 30 мемлекеттің палуандары қатысуы мүмкін. Қазақстан айтулы додада  үздік үштіктен көрінуді жоспарлап отыр. Жаңа құрама енді жасақталады. Яғни, еліміздің бес өңірінде  аймақтық турнир ұйымдастырылып, үздіктер анықталады.

Сонымен қатар, республикалық чемпионат пен Қазақстан Кубогының жеңімпаздары, «Қазақ батыры» деген атақ үшін өзара сайысқа түседі. Осы турнирлерде үздік атанған спортшылар құрамаға қосылады. Айта кету керек, спорттың бұл түрі көпшілік арасында енді танылып келеді. Өткен жылы грэпплинг тарихында алғаш рет Азия чемпионаты да Астанада өтті. Нәтижесінде ел құрамасы жалпы командалық есепте 1-ші орынға ие болды.  

Қанат Алин, ҚР грэпплинг қауымдастығының президенті:

 - Биыл құрама мүшелерін таңдау үшін бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу өткіземіз. Сол турнирдің бәрінде әлем чемпионатында еліміздің намысын қолдан бермейтін мықтылар танылады деп сенемін.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу