Қазақ ақыны, сыншы, аудармашы, сықақшы Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы 7 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келді.
1963 жылы орта мектепті тәмамдап, Қазалы ауылшаруашылық техникумының механика факультетіне оқуға түскен. 14-15 жасар кезінде Қызылорда облыстық газеттерінде тырнақалды өлеңдері, мақала, əңгіме, аудармалары жариялана бастады. 1969 жылы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
Жарасқан Әбдіраштың өлеңдері орыс, неміс, венгр, украин, беларусь, тәжік, ағылшын тілдеріне аударылды. Өзі де әлем әдебиетінің классикалық шығармаларын қазақша сөйлетті. Мысалы, үнді ақыны Р.Тагордың, француз ақыны П.Элюардың беларусь ақыны Я.Купаланың, палестиналық ақын М.Бсисудың таңдамалы өлеңдер жинағын, балалар ақындары К.Чуковскийдің «Дəрігер Айболит», А.Бартоның «Ойыншықтар», «Өсіпкелем» сияқты туындыларын аударған. Сондай-ақ, А.С.Пушкиннің, А.Блоктың, Г.Гейненің таңдамалы өлең кітаптарын аударуға ат салысқан. Сонымен бірге Б.Окуджаваның, Е.Евтушенконың, Р.Рождественскийдің жəне басқалардың шығармаларын тəржімалаған.
«Тамаша» әзіл-сықақ театрына интермедиялар жазды. Басылымдарда өткір сын айта білді. Бүгінде ақын мұрасын жинақтап, насихаттауға жары Назгүл Әбдірашева мұрындық болып жүр.
«Тұңғыш кітап»,«Ақ қайран», «Найзағайлы жаз», «Саяхат», «Парасат пен парыз», «Дала, сенің ұлыңмын», «Соғыстан соң туғандар», «Перзент парызы», «Сана соқпағы», «Әзілің жарасса», «Көңіл көкпары», «Шежірелі шаңырақ», «Құлпытас» секілді жинақтардың авторы Жарасқан Әбдірашевтің алар орны ерекше.