«Мәселе». Елімізде 319 су қоймасы, 443 бөгет пен 123 дамба бар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе». Елімізде 319 су қоймасы, 443 бөгет пен 123 дамба бар (ВИДЕО)

17.02.2018

Елімізде жалпы 1665 гидротехникалық құрылыс бар. Оның 319-ы су қоймасы, 443-і бөгет, 123-і дамба, 112-і су тораптары. Көктем келгенде су қоймасы қирады, дамбаның дымы қалмай сынды, бөгет быт-шыт болды деген ақпараттардан көз сүрінеді. Бір рет су басқан өңір әр көктемде табиғи апаттан көз ашпайды.

Биыл қызыл су қазақ жерін тым ерте екпіндеп енді. Ақпанның басында Қызылорда облысындағы дарияның бөгеті 8 жерден бұзылып егістік су астында қалды. Төтенше жағдай комитеті болса «биіктігі 1 метр, ені 4-5 метр болатын 1300 метр топырақ үйілді» деп есеп берді. 2017 жылы Қызылорда облысындағы су қоймалары мен каналдарды жаңғыртуға 475 миллион теңге бөлінген. Көктем сайын қызыл судан жапа шегіп жауаптылардың жауапсыздығынан шаршаған жұртқа «Мәселенің» тілшісі Гүлжазира Ғалиқызы арнайы барып қайтты.

Хабарламаларға жазылу