«Келбет». Рахымжан Отарбаев: Сөздің дәмін білу керек, ол кие (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбет». Рахымжан Отарбаев: Сөздің дәмін білу керек, ол кие (ВИДЕО)

17.02.2018

«Келбет» бағдарламасы жазушы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, Халықаралық Айтматов академиясының академигі Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық жолына арналды. Бағдарлама барысында жазушының өмір жолы мен естеліктері айтылады.  

Жазушының «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай», «Тағдыр» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған.

«25 жасымда Алматыға барғанымда Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Жұмекен аға, Оралхан Бөкей, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов бәрі әлдилеп, қолынан ұстатты. Осы күнде ойлаймын, неге?  Мүмкін осы баладан бірдеңе шығады-ау деп ойлаған болар. Мен жақсылықты көп көрдім. Сөздің дәмін білу керек, ол кие. Сол ұлы тұлғалардан көрген жақсылығымды мен оларға қайтара алмаймын. Бірақ рет қайтарамын, қайтарсам да ол әдебиетке деген адалдығыммен. Прозада, драматургияда, сұхбатта да шынымды айтамын. Өзімнің неше түрлі қылықтарымды айтамын. Өйткені, ол менің өмірім», - дейді жазушы.

Режиссер, ҚР халық артисі Есмұхан Обаевтың сөзінше, Рахымжан Отарбаевтың әр пьесасында үлкен астар мен драматургиялық талдау жатыр. «Драматургияда ақтау процесімен айналысып жатқан драматургтар аз. Ол мына - Рахымжан», - дейді ол.

Қазақстандық белгілі жазушы, драматург Рақымжан Отарбаев ақпанның 17-іне қараған түні 61 жасында  дүниеден өтті.

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу