Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қорабай Есенов «Бақытты әйел» бағдарламасының «Мақпалдың мекені» айдарында қонақта.
«1970 жылы ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша оқу бітірдім. Негізі домбырада жақсы ойнайтынмын. Студент кезімде гитарада ойнауды үйреніп, ән жаздым. Әндерім радиодан тарала бастады. Кейін әндерімді Нұрғиса Тілендиев естіп, мені іздестіріп, Өнер институтына шақырды. Әкеме бар жағдайды айттым. Әкем «бізді бағатын бала керек» деген соң оқуға бармадым. Әрине, осы күнге дейін ән жазар едім деп ойлаймын. Алайда, «Мәдениет қайраткері» атағын алдым. Өнерімді халық бағалады.
4 балам, 8 немерем бар. Балаларымның барлығы гитарада ойнайды. Бірақ, музыкант болған жоқ. Барлығы ауыл шаруашылығымен айналысады.
Биыл 70 жасқа толдым. Жұбайыммен бір сыныпта оқығанбыз. Бірге оқуға түстік. Осымен 60 жыл қатар келе жатырмыз».
Бағдарламаның толық нұсқасы