16-ақпанда бард әнші Абыл Табылдыұлының концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16-ақпанда бард әнші Абыл Табылдыұлының концерті өтеді

14.02.2018

Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың ұлы Абыл Табылдыұлы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

16-ақпанда Астанада еліміздегі тұңғыш бард концерті өтеді. Бард жанрының ерекшелігі - орындаушы да, сөзінің де, әнінің авторы да бір адам, яғни, бард орындаушы - жан-жақты өнер иесі. Мұнда ең бастысы рөлді сөз ойнайды.

 «Осы жанрды және әкемнің өнерін жаңғырту мақсатында кеш өткізуді ойладым. Әкемнің көзі тірісінде өнерге келемін деген ой болған жоқ. Отбасында жалғыз ұлмын, сондықтан, өнері маған аманат болды. Әкемнің әндерін қазаққа кәсіби түрде жеткізгім келеді», - дейді өнер иесі.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасында. 

Хабарламаларға жазылу