«Бақытты әйел». Дана Нұржігіт: Ең үлкен жеңісім - ұлым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты әйел». Дана Нұржігіт: Ең үлкен жеңісім - ұлым

01.02.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы тележүргізуші Дана Нұржігіт. Тележүргізуші

 

«Адам баласының бұзылуы оңай. Ал, белгілі бір тәртіпте, қалыпта өмір сүруі қиын. Жалпы, мәдениет деген бір нәрсеге мойынсыну, шектеу қою. Жабайы болу оңай, мәдениетті болу қиын.

 

Мен бір қалыпты адаммын. Қалыптан шығуым мүмкін, өзімнен күтпеген авантюралық дүние менде де бар. Оның бірі - менің тұрмысқа шығуым. Тұрмысқа шығуды жоспарлаған жоқпын. Сезім деген бір сәтте тұтанады. Жеті рет ойланып, бір рет кесетін адаммын. Бірақ дәл осы сезімге келгенде өзімді тежей алмадым. Шешімім үшін әзірге өкінген жоқпын.

 

Өз басым тыныштықты жақсы көремін. Үйімді жылы ұядай көргім келеді. Мені күтіп отырған қымбат адамдарым – екі азаматым. Бақыт деген – кішкентай жұмақты қолыңмен жасау. Ол жұмақты қорғайсың. Өзім түзде көп жүремін. Ер азаматтың ойынан шықпауым да мүмкін. Бірақ Мұраттың кешірімді, қалжыңбас мінезі көп нәрсені жуып-шаяды.

 

Ұлым Әлім Мұратты көріп, «папалағанда» мен үшін бәрі шешілді. Екеуінің қарым-қатынасы жақсы. Мұрат балама шаң жолатпайды. Өзім әйел де, еркек те болдым. Ер адамның балажан болып, көмек беруі, мені келбетімнен түсінуі мен үшін жаңалық болды. Ондайды көрмегенмін. Жанашыр адамның қолынан ғана келеді.

 

Көп балалы ана болуды армандадым. Бірақ ол болмады. Өмірдегі ең үлкен жеңісім – ұлым. Балалы болу жолында денсаулығымды құрбан еттім. Медицинаның көмегімен балалы болып отырмын. Бірақ қазір содан қайта өте аламын ба білмеймін», - дейді тележүргізуші.

Хабарламаларға жазылу