Жел соққанда қарс айырылып кете жаздаған биік ғимараттарды кім тексереді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жел соққанда қарс айырылып кете жаздаған биік ғимараттарды кім тексереді?

20.01.2018

Өткен апта Сарыарқаны сырмақтай бір сілкіп алды, тәулік бұрын бәріміздің қалтафонымызға хабарламалар келді. Ақмола облысында, Қарағанды облысында желдің ұйытқуы секундына 25 метрге дейін жетеді деп безілдеді төтенше жағдай қызметкерлері. Артынша мектеп пен балабақша, колледж бала қабылдамайды, жабық деген хат-хабар тағы жетті. Бірақ, «жел екпіндеп соққанмен, таң мезгілсіз атпайды» демекші, таң алакеуімде мектеп пен балабақша жасынан өтіп кеткен жұрт беттерін бүркеп жолға түсті. Адамдар ықты, көліктер тұрған орнынан аунап түсті, ғимараттардың шатыры ұшты. Өкпек жел ағайынның да атқамінерлердің де есін екеу, түсін төртеу қылды. Бір ғана Астанада 26 көпқабатты үйдің шатыры мен қабырғасы бүлінген. 131 бағдаршам боранда бағдарынан айнып теріс айналып кеткен, 16 аялдама қирап қала жаздаған. 175 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Желден келген зардапты тізе берсең, тізімің түгесіледі. Анығы, екі күн соққан боран жауаптыларды болдыртып тастады.

Астанадағы «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясының зәулім ғимараты бұл. Жазба желіге шыққанда жұрт жүрегін ұстады, арасы ажырап кетердей шайқалған биіктігі 141 және 153 метр болатын қос ғимаратқа қатысты жауаптылар тез жауап бере қойды. «Бұлай тербелуі дұрыс, бәрі қарастырылған, қорықпаңдар», деп техникалық тілде қысқа қайырды.

Желді күні жұрттың көзін ала бере банкоматтан ақша жегендер ұсталды. Тақырып тізгіні Сәбит Әлдебайда...

Хабарламаларға жазылу