Американдық азаматша пойызда құны 2,6 миллион доллар тұратын скрипканы ұмытып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Американдық азаматша пойызда құны 2,6 миллион доллар тұратын скрипканы ұмытып кеткен

08.01.2016
Американдық азаматша пойызда құны 2,6 миллион доллар тұратын скрипканы ұмытып кеткен

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.  

Оқиға Мангейм-Саарбрюккен бағытымен кетіп бара жатқан пойызда орын алған. Пойыз қажетті станцияға келген соң скрипкашы қыз өзінің купесінен шығып кете берген. Ол тек біраз уақыт өткеннен кейін барып, скрипкасын пойызда қалдырғанын есіне түсірген.

Скрипкашы қыз бірден полиция қызметіне хабарласады. Полиция қызметкерлері пойыздың Мангеймге жүруіне 1 минут қалғанда аспапты іздеп табады.   

Бұдан соң скрипка бүтіндей оның иесіне қайтарылады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ол тәртіп сақшыларына ерекше ықыласын, ризашылығын білдірген.

Жоғалып кете жаздаған аспап 1727 жылы жасалған және оған General Dupont Grumiaux деген атау берілген.

Хабарламаларға жазылу