Бүгін - Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туған күні (ВИДЕО)

24.12.2017

Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен танылған қазақтың батырлары аз емес. Соның ішіндегі бірі де бірегейі  -  Бауыржан Момышұлы. Ол майдан даласында ұрыс жүгізудегі әскери шеберлігімен көзге түсіп, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Бұл жайлы батырдың өзі де тебірене сыр шерткен.

Командир Момышұлының жетік стратег, асқан тактик және мықты психолог болғаны анық. Ал, оның өміріндегі ең ерекше шайқастардың бірі - Мәскеу түбіндегі ұрыс еді. Ол қақаған қыста өз сарбаздарымен жау қоршауын бес рет бұзып шыққан. Жалпы саны 27 рет қол бастап, ұрысқа кірді.

Гвардияға және полкқа басшылық еткен батыр соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлар жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген.

Қолына қару алған батыр қаламгерлік қырымен де көпшілікке кең танылды. Оның қаламынан «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы» сынды  шығармалар туған.

Бауыржан Момышұлы 1982 жылы 71 жасында дүниеден өтті. Батыр өмірден өткен соң 1990 жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілген.

Хабарламаларға жазылу