Орланда штатының бір ауласынан шыққан жігіттер 90-жылдары өз музыкасымен миллиондарды аузына қаратқан еді. Сол миллиондардың ішінде қырғыз бауырымыз да бар. «Backstreet Boys»-тың жанкүйері болған Омар кезекті жарыс күні сүйікті тобының әнін орындады.
«Backstreet Boys» - бұл бес бала бес түрлі дауыста айтатын топ. Бір күнде 24 сағат болса, ұйықтағанда ғана тыңдамайтын шығармын. Өте қызықты, жақсы бір балалық шақты сыйлаған, әдемі естеліктер берген күндер сол топтың музыкасын тыңдаумен өтті», - дейді қырғыз әншісі.
Қазылар алқасының мүшесі Иса Меликов (Әзірбайжан):
- Бәрі әдеттегідей жақсы, Омар. Бірақ, бұл ән сен үшін тар сияқты. Сенің даусыңның мүмкіндігі үшін, сен үшін тым таяз. «Backstreet Boys»-ты жақсы көретініңді түсініп тұрмын, мен де жақсы көремін. Әлі күнге дейін көлікте тыңдаймын. Бірақ, «Backstreet Boys»-тың вокалы мықты әндері сирек. Сенің кең диапозоныңды көрсете алмайды. Менің пікірімде ешқандай негатив жоқ, олай ойлап қалма. Мен сенің сахнада сенімді болғаныңды қалаймын. Сенің қолыңнан келетін дүние. Мәселе сонда.