«Ән салады мамандар» жобасының бірінші жартылай финалында «Жалын жүректілер» тобы алғаш болып өнер көрсетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар» жобасының бірінші жартылай финалында «Жалын жүректілер» тобы алғаш болып өнер көрсетті (ВИДЕО)

27.05.2017

Бүгін «Ән салады мамандар» жобасының - бірінші жартылай финалы. Бұл кезеңге 27 топтың 12-cі сүрінбей жетті. Бүгінгі сында финалға шығатын алғашқы топ анықталады.

Жобаны алғаш болып өрт сөндірушілерден құралған «Жалын жүректілер» ашты. Олар «Орда» тобының «Белгісіз жан» әнін орындады. Қазылар алқасының мүшесі Арман Дүйсенов топ жақсы дайындалғанын айтса, Жанар Айжанова бірінші айналымда қалай таңқалдырса, бүгінгі сында да сол тұғырдан түспегендерін жеткізді.

«Жалын жүректілердің» тәлімгері әнші Бейбіт Көшқалиев өз тобының өнеріне көңілі толғанын айтты.

Хабарламаларға жазылу