Романтикалық ән орындаған Омар өнерімен арулардың жүрегін жаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Романтикалық ән орындаған Омар өнерімен арулардың жүрегін жаралады

03.12.2017

Суперхиттің супер әсері болады. Қырғызстандық Омар сол әсерді көрерменге жеткізуге тырысты. «Жылама, жаным» деп аталатын романтикалық сезімге толы шығарманы орындаған ол көптеген қыздың жүрегін жаралағаны сөзсіз.

 

«Silk Way Star»-да барлығымен жақсы қатынас жасауға тырысқан қырғыз әншісі сахна төріне шықпас бұрын әріптестері ол жайлы өз ойларын айтты.

«Мен оған жобадағы ең сымбатты жігіт деп ат қойдым. Сыртқы келбетінде мін жоқ. Оған сымбаттысың десем төмен қарап, ұялғаннан екі беті қызарып, өзің сұлусың дейді», - деді Ефенди.

Қазылар алқасының мүшесі Эльдар Гасымов (Әзірбайжан):

- Шын мәнінде «Silk Way Star» жобасында Омар сияқты әншінің болуы бақыт деп есептеймін. Шын көңіліммен айтып отырмын. Сонымен қатар, басқа үміткерлер сахнаға шыққанда ойланып, не айтамын деп жазып-сызып отырамын. Ал, сен ән салғанда сезімге беріліп кетемін де, сенің қатысушы екеніңді ұмытамын. Сен дайын әртіссің. Мен үшін сен үздіксің.

Хабарламаларға жазылу