Саида және Маржан Арапбаева дуэті «Қазақ елі» әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саида және Маржан Арапбаева дуэті «Қазақ елі» әнін шырқады

26.11.2017

«Silk Way Star» сахнасына шыққан әншілердің қуатынан құйын тұрды десек, артық айтқан емес. Өйткені, сахнаға Саида құрған дуэт шықты. Өзбек аруы батыл әрі жігерлі әнші Маржан Арапбаевамен «Қазақ елі» әнін орындап шықты.

Еліміздің шоқ жұлдызы Маржан Арапбаевамен танысқанына қуанышты болған әнші «бұл әнді Қазақстанда еңбектеген баладан еңкейген қарияларға дейін біледі. Көрермен біздің орындауымызды естіген кезде қайырмасын бірге қосылып шырқайды деп үміттенемін», дейді.

Қазылар алқасының мүшесі Халит Нарт (Түркия):

- Тамаша, әдемі ән. Қазақстан жұлдызы күнде орындап жүрген әнді сен тура сондай қылып аз уақытта айтып шығуың керек. Мақсатыңды іске асырдың. Саида, сен өте тартымды қызсың. Сен үнемі дайындалып жатасың. Соның арқасында бүгін бәрі ойдағыдай шықты.

Хабарламаларға жазылу