Күнсұлу Тұрғынбекқызы: «Таңшолпан» - телевизия саласындағы алғашқы ұжымым еді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күнсұлу Тұрғынбекқызы: «Таңшолпан» - телевизия саласындағы алғашқы ұжымым еді

24.11.2017

Журналист Бақыт Жағыпарұлы мен актриса Күнсұлу Тұрғынбекқызы Алматы қаласының студиясында қонақ болды.

«Дәл осы студияда эфир жүргізген болатынбыз. Ол кезде біз Астана студиясымен алма кезек шығатынбыз. Ең қызығы, сол кездегі ұжым қолдағы барымен жұмыс істейтін. Өзімнің алғашқы эфирге шыққаным әлі есімде. 2001 жылдың кезі. Жаңа жылға дайындық, екі кештің ішінде эфирге шығатын болдым. Бірақ, үстіме киетін костюм таппай, бүкіл арнаны аралап, бас редактор сол кездегі телеарнаның видеотекасын басқарып отырған Молдабек Сағымбековтың костюмін шешіп алып, маған кигізген.

Телеарна саласында тұсауымды кескен осы «Таңшолпан» бағдарламасы болатын. Әр саланың өз құпиясы болады. Мысалы радио, телеарна, режиссура және тағы басқасы. Басқа коммерциялық телеарнада да жұмыс істедім. Бірақ, «Таңшолпан» өзіме ыстық», - дейді Бақыт Жағыпарұлы.

«Не болса да алғаш рет қорқыныш пен ләззат сезімі болады. Тіпті бүгін қонақ болып отырсам да, толқып отырмын. «Таңшолпанның» 25 жасы - екі мүшел жас. Ол керемет кез еді. Жатақханада тұрамыз. Таңертең серуендеп келетінбіз жұмысқа.

«Таңшолпан» өмірлік олжамды көбейтті. Телевизия саласындағы алғашқы ұжымым еді, одан кейін «Балапан» телеарнасында қызмет еттім», - дейді Күнсұлу Тұрғынбекқызы.

Хабарламаларға жазылу