«Жарқын бейне». Бақытжан Әбішевтің туындыларына ортақ бейне – жылқы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейне». Бақытжан Әбішевтің туындыларына ортақ бейне – жылқы

24.11.2017

«Жарқын бейне» бағдарламасының кейіпкері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, суретші, мүсінші Бақытжан Әбішев.

Бақытжан Әбішов жасаған «Уран», «Томирис», «Күту», «Құлагер», «Салт атты», «Тал түс», «Олимпиец», «Махамбет пен Исатай» және басқа да мүсіндеріне ортақ бейне – жылқы.

Әкесі мал дәрігері болған. Жастайынан малдың жанында жүріп, ат құлағында ойнап өсті.  Қала баласы болса да, жылқыға міну үшін ипподромға баратын.

Бала кезінде жылқы сойғандағы жануардың жанталасуын, пышаққа қарсыласу сәтін ол өмір бойына есінде сақтап қалады.

«Бақытжанның психологиясы сезімтал, кез келген нәрсені жүрегіне қабылдайтын. «Құлагер» туындысы сол бала кезінде басынан өткен оқиғасының куәсі», - дейді суретшінің жұбайы Шамшагүл Меңдиярова.

 

Хабарламаларға жазылу