Бауыржан Айтқазин: «Таңшолпан» бағдарламасы брендке айналды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Айтқазин: «Таңшолпан» бағдарламасы брендке айналды (ВИДЕО)

21.11.2017

Биыл «Таңшолпанға» - 25 жыл. Осыған орай бағдарламаның алғашқы қарлығаштары ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов және «Ertis» телеарнасының директоры Бауыржан Айтқазин студияда қонақ болды.

«Таңшолпан» – тарих. Тарихтың басталуы әрқашанда күмәнмен ілеседі. Мен қызмет еткен уақыттағы қыздар мен жігіттер туралы айтқым келеді. Ол кезде екі ауысымдық жұмыс болатын. Күш-қуат көп, мүлдем шаршамайтынбыз. Мен үшін «Таңшолпан» үй. Көп жолдас таптым. Естелік мол», - дейді 1992 жылы бағдарламада бас режиссер болған Нұрлан Жұманиязов.

«Ол кезде телеарналар аз болатын, ал, қазақ тілінде жалғыз біз. Кімнен үйренерімізді білмедік. Көптеген хабарлар ашылып, қайта жабылды, бірақ «Таңшолпан» 25 жылдық тарихы бар брендке айналды. Халыққа танымал, көрермендерге сүйікті хабар.

90-жылдары эфирді толтыру мәселесі қиын болатын. Қазір ән де, бейнебаян да, материал да көп. Ал, 90-жылдары бейнебаян жиі түсірілмейтін. Концерттердің телевизиялық нұсқасы да аз болатын. Қиын кездерде өнер жолын енді бастап жүрген әншілер Мәдина Ералиева, Құдайберген Бекішев, Қыдырәлі Болманов, Бақыт Шадаева, т.б әншілер бізге әндерін ұсынып, экранға шығаратынбыз. «Таңшолпан» мен үшін үлкен мектеп», - дейді Бауыржан Айтқазин.

Хабарламаларға жазылу