«Silk Way Star» музыкалық байқауының келесі үміткері татар музыкасының классикасына айналған туындыны орындады. Малика жетінші бағдарламада татар халқы үшін ең қымбат «Сандуғаш» деп аталатын әнді шырқады.
«Маған бұл әнді әрдайым тек ер адамдардың шырқайтыны қызық болатын. Мен қиындықтан қорықпайтын әнші ретінде осы әнді таңдадым. Біріншіден, бұл әнді татар халқының ең сүйікті әншісі, менің кумирім Ильхам Шакиров орындаған», - дейді татар әншісі.
Қазылар алқасының мүшесі Мансұр Ташматов (Өзбекстан):
- Бүгінгі кештің тақырыбына қаншалықты келетінін білмедім, бірақ, әннің орындалуы, жалпы әннің өзі керемет. Орындауың баурап алды. Басқа мәселелер басыңнан шығып кетеді, алаңдамайсың. Орындауың шынымен мінсіз.