«Silk Way Star» жобасының сахнасына алғаш болып татар елінің әншісі Малика шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Silk Way Star» жобасының сахнасына алғаш болып татар елінің әншісі Малика шықты

07.10.2017

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық мегажобасы басталды.

Бағдарлама шымылдығын Татарстан Республикасының өкілі Малика түрді. Татар елінің шоқ жұлдызы «Silk Way Star» жобасының алғашқы кезеңінде «Алматының алмасы» деп аталатын өз елінің ең танымал әнін орындады. 

Иса Мельников (Әзірбайжан):
«Маған бәрі ұнады. Әнді заманауи, сәнді нақышта орындадың. Ішкі қуатың бар және әртіс ретінде әннің қуатын жеткізе алдың. Кемшілік іздеп едім, таба алмадым».

Ренат Гайсин (Қазақстан):
«Маликаның өзін сахнада еркін ұстағаны, билегені, интонациясы өте жақсы болды».

Фейруз Хакимов (Тәжікстан):
«Малика, сенің мойныңдағы жауапкершілікті жақсы түсініп тұрмын. Бірақ, бұл байқау. Өзің естіген шығарсың сен тым қатты қысыла орындадың. Әннің соңына қарай ғана ашыла бастадың. Дегенмен, бәрі тамаша болды деп ойлаймын».

Өз кезегінде әнші жобаға танымал әншілерді қатыстыру идеясының ұнағанын айтты.

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу