«Ұлы дала ұлағаты». Дариға Ахмедиярова: Домбыра Қаршығаның жан дауасы, рухани серігі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала ұлағаты». Дариға Ахмедиярова: Домбыра Қаршығаның жан дауасы, рухани серігі болды

06.11.2017

Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысында дүниеге келген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедияровтың репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ, шетел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы Мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Талантты музыкант гастрольдік сапарлармен дүниежүзінің көптеген елінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты.

Анасынан 3 жасында айырылған бүлдіршін үнемі ауызымен күй гуілдететін. Осы әдеті әсер етті ме, жоқ әлде, анасына алаң көңілі алдансын деді ме, Ахмедиярдың бауыры Үмбетәлі қария балақайға арнап домбыра шапты.  Сол күннен бері домбыра оның жан дауасы, рухани серігі болды.

Хабарламаларға жазылу