АҚШ-тың Техас штатындағы шіркеуде атыс болып, кемінде 26 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Техас штатындағы шіркеуде атыс болып, кемінде 26 адам қаза тапты

06.11.2017

АҚШ-тың Техас штатындағы шіркеуде атыс болып, кемінде 26 адам қаза тапты. Тағы 20-сы жараланып, ауруханаларға жеткізілген. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқиға Сан-Антонио қаласының маңындағы Сазерленд-Спринг деген жерде болды. Қара киінген ақ нәсілді шіркеуге кіріп, адамдарға оқ жаудырды. Сол кезде мұнда жексенбілік құлшылық ету рәсімі өтіп жатқан. Құрбан болғандардың арасында балалар да бар. 


Соңғы келіп түскен деректерге жүгінсек, шабуылшы 20 жастағы Дэвин Патрик Келли болуы мүмкін. Ол таяуда АҚШ-тың Әскери-әуе күштерінде қызмет етіп, әйелі мен баласын соққыға жыққаны үшін жұмыстан қуылған. 
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Келли оқиға орнынан көлікпен қашып кетіп, атқан оқтан мерт болды. Әзірге оның мұндай қылмысқа не үшін барғаны белгісіз.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
  

Хабарламаларға жазылу