Бұрын бірді-екілі малды жайылымнан айдап кететіндер тұтас ауылдың төрт түлігін үптеп кетуге көшкен. Малды ауылдың жұрты қазір зар илеп отыр. Тәртіп сақшысына арызданып барса, олардан да қайыр жоғын айтады. Өткенде Оңтүстік Қазақстан облысында бір топ барымташы қолға түскен, олар ауыл елді аралап сиыр ұрлап, мал базарға апарып сатумен айналысқан. Жоқ іздеген жұрт әрине, мал базарға барады, бірақ, қызығы ешбірі де саудада тұрған малдарын тани алмаған. Себебі тіптен қызық, ұрылар егесі танып қоймасын деп сиырларды кәдімгі сырмен басқа түске бояп тастайды екен.
Алматы облысындағы Тұрар Рысқұлов ауылында ұрылар қолды қылған малды түнде ауылдың зиратына әкеліп сояды екен. Ұрылардың еркінсігені сонша соңында «соғымдарыңа үлкен рахмет» деп бір парақ хат қалдырып кететінді шығарған. Ал, бүгінгінің қарақшылары қайтіп ұрлайды, олардың қаншасы қолға түсті және тәртіп сақшылары ұрыларды бас пайдасы үшін әдейі жасыратыны рас па? Айбар Төлжанұлы айтады...