Социал-демократиялық партияның атынан шыққан Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, бюллетеньдердің 97 пайызы дауыстарды автомат есептеу жүйесі арқылы есептелген.
Қырғыз Республикасының экс-премьер-министрі Омурбек Бабанов 33,8 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды. Үшінші орында "Бутун Қырғызстан" партиясының басшысы Адахан Мадумаров - 6,47 пайыз дауыс жинаған. Республика бойынша 2 375 сайлау учаскесі жұмыс істеді, оның 234-і Бішкекте.
Еске сала кетейік, осыған дейін 12 қазаннан бастап Бішкектегі ішкі істер органдарының барлық құрамының күшейтілген режимге өткені хабарланған болатын.
tengrinews.kz