«Таңшолпан». Бүгін – Асқар Тоқпанов пен Әсет Бейсеуовтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін – Асқар Тоқпанов пен Әсет Бейсеуовтың туған күні

13.10.2017

Бүгін - әндері талайдың жүрегіне жеткен композитор Әсет Бейсеуовтың туған күні. 9 жасқа дейін тілі шықпай, ыңылдап ән айтып жүрген бала Әсетке жыр алыбы Жамбыл батасын берген деседі.

Кейін консерваторияда өнерлі жас ән жазудың әліппесін үйренеді. Содан бері Әсет Бейсеуовтың сырлы әндері қазақ даласында әуелеп келді.

Бүгін сондай-ақ қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың дүниеге келген күні. Театр өнеріне сара жол салып, өзіндік соқпақ қалыптастырған тұлғаны замандастары шынайы тік мінезімен еске алады.

Хабарламаларға жазылу