Бүгін - Асқар Тоқпанов пен Әсет Бейсеуов дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Асқар Тоқпанов пен Әсет Бейсеуов дүниеге келген күн

13.10.2015
Бүгін  - Асқар Тоқпанов пен Әсет Бейсеуов дүниеге келген күн

Асқар Тоқпанов – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер. Өнер үшін, театр үшін аянбай тер төккен алыптардың алыбы. Әрдайым Абайды айтып, Мұхтармен сөз бастайтын өнер иесінің алғашқы ұстазы – Жұмат Шанин.

Сонау бозбала шағынан актерлікке бет бұрған ол кейін келе Мұстафиннің «Миллионерін», Майлиннің «Майданын», Ахтановтың «Махаббат мұңымен» қатар, бірнеше шетел драматургтерінің де еңбектерін сахналады.

Ол тек режиссурасымен шектелмей, қазақ өнерінің бүгіні мен ертеңі үшін жанын бере еңбек еткен жан.

Композитор Әсет Бейсеуовтің де бүгін - өмірге келген күні.

Әсет Бейсеуовті ән жанрында жеке дара туған дарын деп тегін айтпайды. Оның әндерін білмейтін жан жоқ. Жүректен жүрекке тебірене тербеле беретін әуезді әндер талай әншінің бағын ашып, жұлдызын жақты.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу