Бизнеске берілген қаржыны қалай алып, қайда жұмсаған тиімді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнеске берілген қаржыны қалай алып, қайда жұмсаған тиімді?

30.09.2017

Қазақта «Аузымен астау шапқан, қолымен жаңқа жара алмас» деген сүйектен өтетін сөз бар. Сондықтан, өрт жоқ жерге су құя бермей мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, жеке кәсіп ашып ешкімге кіріптар болмай, алшаң басып өмір сүргенге ешнәрсе жетпейтіні түсінікті.

Мәселен, теледидардағы, радиодағы, газеттегі, болмаса көшелердегі сансыз жарнамалардан түсетін қаражат көлемі әлемде жылына 500 миллиард долларды құрайды екен. Демек, кәсіпті жасау керек және оны сата білу керек.

Адам баю үшін кәсіпкер болады. Оған мына Райан Росс есімді канадалық бозбала дәлел. 12 жастағы бұл кәсіпкердің бизнесте жүргеніне 9 жыл болған. Қазір миллионер. Алғашқы кәсібін Райан 3 жасында бастаған, ол үйіндегі 60 тауықтың жұмыртқасын сатып күніне 15 доллар табыс тауып отырған.

Кейін екінші бизнесін бастаған. Өзінен жасы үлкен балаларды жалдап тапсырыс бойынша көгалдардың шөбін шабуға кіріскен. Одан тәулігіне 20 доллар пайда тауып отырған. Сонымен, Райан Росстан асып кетпесек те, біздегі бизнеске берілген қаржыны қалай алып, қайда жұмсаған тиімді және парасыз тірлігіңді дөңгелетіп кету мүмкін бе? Тізгін «Мәселенің» жаңа мүшесі Гүлжазира Ғалиқызында...

Хабарламаларға жазылу